29-03-24 |
3850 рет қаралған
Аягөз ауданында суда жоғалып кеткен үш адамды іздеу жұмыстары жалғасуда.
Аягөз ауданында суда жоғалып кеткен үш адамды іздеу жұмыстары жалғасуда

Қарағаш ауылының азаматтары МТЗ 82 маркалы тракторымен «Шалқар» шаруа шаруашылығынан Қарағаш ауылына қарай бет алған..Аталған трактор көлігіндегі екі ер адам  жолды қысқарту үшін өзенді кесіп өтпек болған, алайда су деңгейінің көтерілуіне байланысты, олар өзеннің ортасында қалып қойған, бүгінгі күні аталған азаматтардың нақты қайда екені белгісіз күйде қалып отыр.

Сондай-ақ, 23 наурыздан бері Аягөз өзенінен өтпек болып, аттан суға құлап кеткен 46 жастағы ер адамды іздестіру жұмыстары жүргізілуде.

Зардап шеккендер көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстарына қатысқан азаматтар емес.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.