![Айдос Садықовқа қастандық жасағандар Молдоваға, артынша Анталияға өтіп кеткен](https://arasha.kz/wp-content/uploads/2024/07/snimok-jekrana-2024-07-03-110526.jpg)
Қазақстандық журналист және блогер Садықовқа қастандық жасады деген күдікке ілінген Мейрам Қаратаев пен Алтай Жақанбаев қастандықтан кейін Молдоваға өтіп кеткен.
«Молдова: Релевант» басылымы осындай мәліметтермен бөлісті. Шекара қызметіндегі дереккөздеріне сілтеме жасаған басылымның хабарлауынша, Жақанбаев пен Қаратаев 18 маусым күні сағат 18:28-де Паланка кедені арқылы Молдоваға кірген. Олар 19 маусым күні сағат 01:20-да Кишиневтен Анталияға ұшақпен аттанған.
«Осы адамдардың бірі Молдова аумағына алғаш рет 2024 жылы 19 мамырда кірген. Ол Кишинев халықаралық әуежайынан Франкфуртқа (Германия) рейспен елден кетті», – деп толықтырды басылым.
Естеріңізге сала кетейік, жақында Алтай Жақанбаевтың өзі қазақстандық полицияға берілген болатын.
-
05.02.2025
-
05.02.2025
-
05.02.2025
-
05.02.2025
-
05.02.2025
-
05.02.2025
-
05.02.2025
-
05.02.2025
-
05.02.2025