Біз
әлеуметтік
желіде
16-05-25 |
80 рет қаралған
Ақмола облысындағы теміржол станциясында күкірт қышқылы төгілді.
Ақмола облысындағы теміржол станциясында күкірт қышқылы төгілді

13 мамыр күні сағат 22:00-де Ақмола облысы Есіл станциясында жүк пойызының бір цистернасынан күкірт қышқылының ағып кеткені анықталды. Цистерна Челябі облысынан Жамбыл облысына бағыт алған.

Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаменті, экология және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау өкілдері барды. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мамандары экология департаментінің нұсқауы бойынша төгілген орынды әктаспен бейтараптандырды. Цистерна құрамнан ажыратылып, қауіпсіз жерге – елді мекендерден 8 шақырым жердегі арнайы тупикке жеткізілді.

Атмосфералық ауаға жасалған өлшеулер қышқыл мөлшері қалыпты деңгейде екенін көрсетті – 0,001 мг/м³ (рұқсат етілген шегі – 0,3 мг/м³). Қышқылдың төгілуі тоқтаған, бу мен қысым көтерілмеген. Груз жіберушіге қайтарылды.

Барлық қажетті қауіпсіздік шаралары уақытында қабылданды.

Фото: Оксана Матасова / Kazinform

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.