Біз
әлеуметтік
желіде
24-05-25 |
110 рет қаралған
Ақтауда Azerbaijan Airlines ұшағы апатқа ұшыраған орнынға мемориал орнатылды.
Ақтауда Azerbaijan Airlines ұшағы апатқа ұшыраған орнынға мемориал орнатылды

2024 жылдың желтоқсанында Ақтау маңында апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines әуе компаниясының Embraer-190 ұшағының орнына қаза тапқандарды еске алуға арналған мемориал орнатылды.

Мемориал — ұшақ сынықтары жатқан орынды белгілейтін металл қоршау түрінде жасалған. Оның айналасына гүлдер отырғызылып, орындықтар қойылған.

Түпқараған ауданы әкімдігінде бұл мемориалды жергілікті тұрғындар орнатқанын хабарлады.

– Бұл – Маңғыстау облысының бейжай қарамайтын тұрғындарының бастамасы. Олар өз қаражатына қаза тапқандарға құрмет көрсетуді жөн көрді. Мемориалға бюджеттен қаржы бөлінген жоқ, – делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 2024 жылғы 25 желтоқсанда Baku – Grozny бағытындағы Azerbaijan Airlines компаниясының ұшағы Ақтау маңында апатқа ұшырады. 38 адам қаза тапты. Euronews пен Reuters агенттіктерінің мәліметінше, апатқа Ресейдің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі себеп болған.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.