arasha.kz

Алматы әуежайында үш шетелдік жалған паспортпен ұсталды

ҰҚК баспасөз қызметі Алматы әуежайында үш шетелдік жалған құжатпен ұсталғанын хабарлады.

«2024 жылғы 15-16 қаңтарда Алматы қаласының халықаралық әуежайында шекаралық бақылауды жүзеге асыру кезінде Франция мен Грецияның жалған құжаттарын ұсынған 3 шетелдік ұсталды. Арнайы техникалық құралдарды қолдана жүргізілген қосымша тексеру олардың жарамсыздығын растады. Жалған төлқұжаттар алынды», – делінген хабарламада.

 Екі адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, бір шетелдік азамат депортацияланды.

2024 жылдың басынан Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде шекарашылар жарамсыз және бөтен төлқұжаттарды қолданудың 18 фактісінің жолын кесті.

Exit mobile version