Біз
әлеуметтік
желіде
07-04-25 |
60 рет қаралған
Алматы әуежайында қызметкерді кепілге алған адамның соты өтіп жатыр.
Алматы әуежайында қызметкерді кепілге алған адамның соты өтіп жатыр

Алматы қаласының Түрксіб аудандық сотында 67 жастағы Машрапбек Баратовтың ісі қаралып жатыр. Ол әуежайда дүрбелең туғызып, адамдарды қорқытып, қызметкерге шабуыл жасаған.

Еске сала кетейік, ол терминал қызметкеріне және басқа адамдарға пышақпен қоқан-лоқы көрсеткен. Қызды сол жерде болған куәгер құтқарып қалған — ол агрессорды қарудан айырған.

Машрапбек Баратов ҚР ҚК-нің үш бабы бойынша сотталуда: «Кепілге адам алу», «Қарумен бұзақылық жасау» және «Терроризм актісі туралы жалған хабарлау».

Сот отырысында ол тағылған айыптармен келісті. Ал бұған дейінгі оқиға туралы, яғни автобуста бір әйелді қатты сөйлегені үшін ұрып жібергені жайлы, Баратов ол кезде «әжелерді қорғадым» деп түсіндірді.

Наурыздың 7-сі күні зардап шеккен терминал қызметкері оқиға кезінде Баратовтан ішімдік иісі сезілмегенін айтты. Қыз қызметтік міндетіне сай одан отырғызу талоны мен жеке куәлігін сұрағаннан кейін, Баратов ашуланып, әуежайды жарып жіберетінін айтып, қоқан-лоқы көрсеткен.

«Ол айтты: үш минуттан кейін әуежайды жарып жіберемін. Мен артқа шегінгім келді. Бірақ ол жақындап келіп, менің шашымнан тартты… Пышақ шығарып, мен айқайлай бастадым, истерика басталды. Көмек сұрадым. Мені жіберіңізші деп өтіндім. Ол өте агрессивті болды. Үніңді өшір, тыныш бол! деп айқайлады…» — деді жәбірленуші.

Қыз оқиғаны қорқынышпен еске алады. Ол бетін жауып, өз-өзін қорғауға тырысқан. Баратов полицейлерге және сол жерде болған Мұса Абдраимға да әуежайды жарып жіберетінін айтып қоқан-лоқы жасаған. Жәбірленушінің айтуынша, шабуыл жасаған адам ешқандай талап қоймаған.

«Бір ер адам келіп: қызды жібер, мені ал орнына деді. Мен айқайлап, жылап: менің кішкентай балам бар, жіберіңізші дедім… Қалай жібергенін есімде жоқ. Қашан босатты, сол кезде әріптесім келіп, мені алып кетті…» — дейді терминал қызметкері сол күнді еске алып.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.