23-03-24 |
4380 рет қаралған
Алматы облысында лай көшкіні жүрді.
Алматы облысында лай көшкіні жүрді

Алматы облысында лай көшкіні жүріп, тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілген.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті орын алған жағдайға қатысты түсінік берді.

«23 наурызда Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Талғар ауданының Бесағаш ауылында «Бурабай» коттедж қалашығында ауа райының тұрақсыздығына байланысты 21-23 наурыз аралығында жауын-шашынның салдарынан топырақтың батпақтануы орын алғаны, нәтижесінде таудың баурайынан аумаққа топырақтың өздігінен екі жеке тұрғын үйге түсуі туралы хабарлама келіп түсті. Түскен топырақтың болжамды көлемі 500 текше метрді құрайды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ», –  делінген хабарламада.

23 наурызда сағат 06.00-де Алтай көшесі бойындағы баурайдың жоғарғы бөлігінде орналасқан аулалық ғимараттары бар тұрғын үйдің құлау қаупі бары да хабарланды.

«Деректер мен жақын маңдағы үйлердің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді. Оқиға орнында 18 адам және 6 бірлік ТЖД техникасы, «Қазселденқорғау», ЖАО жұмылдырылды», – делінген хабарламада.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.