arasha.kz

Алматы облысында мектепте оқушы қайтыс болды

Алматы облысы Қарасай ауданында төртінші сынып оқушысы мектепте көз жұмды.

Egov.Press Telegram арнасының хабарлауынша, баланың ата-анасы мектеп басшылығы мен жедел жәрдем қызметкерлерін салғырттық пен әрекетсіздігі үшін кінәлап отыр. Сондай-ақ жедел жәрдем шақыртуға 40 минуттай уақыт кеткені хабарланды.

Алматы облысының білім басқармасы бұл іспен Қарасай ауданының полицейлері айналысып жатқанын айтып, ақпарат бермеді.

Айта кетсек сәуірдің 15-і күні Оралда мектеп оқушысы белгісіз жағдайда өз-өзіне қол жұмсаған болатын.

Exit mobile version