Біз
әлеуметтік
желіде
25-05-25 |
1430 рет қаралған
Алматы облысында оқушыны өлтірді деген күдікпен жасөспірім ұсталды.
Алматы облысында оқушыны өлтірді деген күдікпен жасөспірім ұсталды

Алматы облысында өз сыныптасын өлтірді деген күдікпен жасөспірім ұсталды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

«Адам өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция қызметкерлері күдіктіні – жәбірленушінің сыныптасын – анықтап, уақытша ұстау изоляторына қамады», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, жасөспірімнің заңды өкілдері бала тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны хабарланды.

Бұдан бөлек, полиция оқиға бойынша тиісті шаралар қабылдау үшін білім басқармасына ұсыныс жолдағанын атап өтті.

«Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайын жан-жақты зерттеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», – делінген мәліметте.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.