Біз
әлеуметтік
желіде
01-07-25 |
110 рет қаралған
Алматы облысында төбелескіш иттер 10 жастағы баланы талап тастады.
Алматы облысында төбелескіш иттер 10 жастағы баланы талап тастады

Қарасай ауданына қарасты Жалпақсай ауылында үш төбелескіш ит — бір питбуль және екі ротвейлер жеке аумақтан шығып кетіп, балалар ойнап жүрген футбол алаңында 10 жастағы балаға шабуыл жасаған.

Салдарынан бала ауыр жарақат алған: бір құлағы жұлынып кеткен, денесі мен басында көптеген тістелген жарақаттар бар. Қазір ол ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр.

Куәгерлердің айтуынша, бұл көрініс адам шошырлық болған, иттер баланы жұлмалап жатқанда, жанындағы адамдар айқайлап, көмек шақырған. Тек екі ер адам баланы қорғауға бел буып, өмірін қатерге тіге отырып шабуылды тоқтатқан. Солардың бірі питбулді атып өлтіріп, баланы құтқарып қалған.

Басылымдардың хабарлауынша, иттердің иесі кінәсін мойындамай отыр. Ал бала өмір үшін күресіп жатқанда, ит иесі ешқандай жауапкершілікке тартылмаған.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.