10-07-24 |
5820 рет қаралған
Алматы облысында жүк тасымалдау бойынша алаяқтар ұсталды.
Алматы облысында жүк тасымалдау бойынша алаяқтар ұсталды

Қалааралық тасымалдау саласында қымбат автокөліктер мен түрлі тауарларды жымқырумен байланысты алаяқтық фактілері анықталды.

Тапсырыс берушілермен және жүк көліктерінің жүргізушілерімен олардың көлік пен тауар тасымалдау туралы хабарландырулары бойынша алаяқтар хабарласып, тасымалдау қызметін ұсынады. Олар тапсырыс берушілерге өздерін автокөлік жүргізушісі ретінде, ал жүргізушілерге тапсырыс беруші ретінде таныстырып отырған.

Екі тарапты да алдап, көндіріп, одан әрі қарай заңсыз өткізу мақсатында ұрланған тауарды артады. Көбінесе мұндай фактілер Алматы қаласы мен Алматы облысынан басқа өңірлерге тасымалдау барысында анықталған.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде осындай қылмыстық топтың бес мүшесі ұсталды. Осыған байланысты ІІМ азаматтарға жүкті жөнелту және қабылдау барысында барлық қажетті құжаттармен мұқият танысуды ұсынып отыр.

Хабарландыруда көрсетілген жүргізушінің нөмірін міндетті түрде тексеріп, онымен тасымалдау маршрутын талқылап, жеткізу мекенжайын анықтап алу қажет. Күдікті іс-әрекеттерді байқасаңыз, дереу полицияға хабарласыңыз.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.