Небәрі жарты жылдың ішінде жалпы көлемі 12,5 мың га, жалпы құны 2,5 млрд теңгені құрайтын 155 пайдаланылмаған жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы Алматы облысының прокуратурасы хабарлады.
Мәселен, Қонаевта 2020 жылы су электр станциясын салу үшін бір кәсіпорынға 500 гектар жер берілген. Бірақ су электр станциясы ешқашан салынбаған.
Тағы бір мысал, Іле ауданындағы «Солид Кристал» ЖШС-не бөлінген 339 миллион теңгенің жер телімі алты жыл бойы пайдаланылмай тұрған.
Серіктестік Алматы облысының бұрынғы әкімінің қызы Сайора Баталоваға тиесілі.