31-07-24 |
8060 рет қаралған
Алматы тауларында сел қаупі жоғары- Қазгидромет.
Алматы тауларында сел қаупі жоғары- Қазгидромет

«Қазгидромет» РМК дауылды ескертуіне сәйкес, 31  шілде – 1 тамыз аралығында  Алматы қаласында және оған іргелес таулы жерлерде кейде қатты жаңбыр болжауына байланысты  беткейлік ағынының қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің  көтерілуі күтілуде. Сонымен қатар судың жайылуы мен су басу мүмкін делінгшен Қазгидромет таратқан мәліметте.

Тау өзендері бойынша гидрометеорологиялық ақпаратқа сәйкес («Қазгидромет» РМК 2024 жылғы 31 шілдедегі  жаңбыр генезисінің сел қаупінің күнделікті Бюллетенінен Іле Алатау тауларында қатты жауын-шашынның болжамына байланысты сел қаупінің «қызғылт сары деңгейі» жарияланды.

Гидрометеорологиялық және сел жағдайының талдауына сәйкес, қатты жаңбыр жауған кезде сел құбылыстары болуы  мүмкін.

Қазселденқорғау бөлімшелері сел қаупі бар учаскелерде бақылаудың жеделдетілген режиміне ауыстырылып, аэровизуалды және жергілікті бақылау жүргізілуде, инженерлік-техникалық қызметкерлердің тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылды.

Жеке тұрғын  үйлердің иелеріне –  жаңбыр суын және басқа да дренаждық жүйелерді жаңбыр судың ағынын бұруға дайындық шараларды  қабылдауды сұрайды.

 Егер жаңбыр жауған кезде  сіз сыртта болсаңыз,

-⁠  ⁠Әуе электр желілерінің тұтастығына назар аударыңыз;

-⁠  ⁠Әлсіз нығайтылған құрылымдардың астында тұрмаңыз – олардың опырылып түсуі  адамдардың жарақат алуына әкелуі мүмкін;

Құрметті туристер, Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары: сел тасқынына қалып қалған жағдайда, құтқарылуға  мүмкіндік жоқ. Сел тасқыны қаупіне байланысты Іле-Алатау тауларына бармауды сұраймыз.

Сел қауіп барі жерлерде қандай іс-әрекет жасау керек:

-таудағы жағдай туралы бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын үнемі қадағалап отыру қажет.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.