Air Astana әуе компаниясы Алматыдан ұшатын рейстердің ауа райының қолайсыздығына байланысты кешіктіріліп жатқанын хабарлады.
Әуежайдың онлайн-тақтасы бойынша Астана, Орал, Душанбе, Сеул бағытындағы рейстер кешіктіріліп, Бейжіңге ұшу мүлдем тоқтатылған.
Әуежайдың баспасөз қызметінің мәліметінше, өндірістік қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Кешігулерді азайту үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда.
Жолаушыларға жолға шығар алдында рейстердің өзекті мәртебесін әуежай мен әуе компаниялардың ресми сайттарынан тексеруге кеңес беріледі.