Алматыда көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәліктерді (КҚКҚК) беру тәртібінің бұзылуына байланысты сынақ зертханасының қызметі тоқтатылды. Мұндай шешімді Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қабылдады.
ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті жүргізген жоспардан тыс тексеру кезінде көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы 156 куәлік қажетті сынақтарсыз берілгені анықталды.
Алматыда орналасқан сынақ орталықтары Ақтауда уақытша сақталатын автомобильдерге құжаттарды рәсімдеген. Бұл Кеден одағының «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің (КО ТР018/2011) талаптарын өрескел бұзу болып табылады.
КО ТР018/2011 талаптарына сәйкес аккредиттелген сынақ зертханалары нөмірі бойынша сәйкестендіруге, конструкцияның техникалық сараптамасын қоса алғанда, көлік құралдарына тексеріс жүргізуге, сондай-ақ қажетті сынақтар мен өлшемдерді орындауға міндетті. Осы процедуралардың негізінде хаттама жасалады, ол КҚКҚК беру үшін негіз болады.
Анықталған бұзушылықтарға байланысты зертханаға қатысты «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын сақтамағаны үшін әкімшілік іс қозғалды. Тексеру қорытындысы бойынша заңнаманы бұзу туралы хаттама жасалды.
Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен зертханаға 719940 теңге көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ зертхананы аккредиттеу аттестаты 6 ай мерзімге тоқтатылды. Соттың шешіміне қайта шағым түсікенімен, Алматы қалалық соты қаулыны күшінде қалдырды.
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024