
Оқиға Алматыдағы жеке меншік «Ахляк» балабақшасында болған. Төрт жастағы баланың ата-анасы ұлдарының тәрбиеші тарапынан зорлық көргеніне шағымданған.
Балақайдың анасы, Бану Төлешева, бейнебақылау камераларының жазбасын қарап, тәрбиешінің ұлын тұншықтырып жатқанын көрген. Бөлмеде тағы екі қызметкер болғанымен, ешкім араласпаған.
Ата-аналар бұл оқиға бойынша Бостандық аудандық полициясына жүгінді.
«Аталған факт бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасының бөлімі қылмыстық тергеу бастады», – деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатқанын және кінәлілер заңға сәйкес жазаланатынын мәлімдеді.
-
11.03.2025
-
11.03.2025
-
11.03.2025
-
11.03.2025
-
11.03.2025
-
11.03.2025
-
11.03.2025
-
11.03.2025
-
11.03.2025