16-04-24 |
3740 рет қаралған
Алматыда бұрынғы әйелін ұрған ер адам қамауға алынды.
Алматыда бұрынғы әйелін ұрған ер адам қамауға алынды

Полицейлер бұрынғы әйелін ұрған ер адамды қамауға алды. Бұған дейін әлеуметтік желіде ер адамның әйелінің телефонын жерге ұрып сындырып, кейін өзін жұдырықпен ұрған видеосы тараған.

Аталған жайт көпшіліктің ашу-ызасын тудырған еді. Артынша ер адам көпшіліктен кешірім сұрап, видеоүндеу жариялаған болатын. Бүгін Алматы полицейлері ер адамның қамауға алынғанын мәлімдеді.

«Бұрынғы әйеліне дене жарақатын келтірген ер адам ұсталды. Ұрып-соққаны және бөтеннің мүлкіне қасақана зиян келтіргені үшін сот шешімімен 25 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, айыппұл салынды. Құқық бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлады Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.