11-03-24 |
4440 рет қаралған
Алматыда екі автобус соқтығысып, алты адам зардап шекті.
Алматыда екі автобус соқтығысып, алты адам зардап шекті

10 наурызда Алматыда 102-ші және 75-ші бағытта қатынайтын қалалық екі автобус соқтығысты. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға Алатау ауданында Бекболат пен Жаңа құрылыс көшелерінің қиылысында болған. Соқтығыс салдарынан алты адам жарақат алды. Жол полициясының мәліметінше, апат 75-ші бағыттағы автобус жүргізушісінің қашықтықты сақтамауы салдарынан орын алған. Бұл кезде 102-ші автобус аялдаманың жанында болған. Мән-жайды анықтауды Алатау ауданы ІІД жүргізіп жатыр.

2023 жылы желтоқсанда Алматыда жолаушы автобус жүргізушісіне шабуыл жасап, үш адам қаза тапты. Полицейлер күдіктіні екі айға қамауға алды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.