Біз
әлеуметтік
желіде
19-05-25 |
950 рет қаралған
Алматыда ер адам танысының аяғына оқ атты.
Алматыда ер адам танысының аяғына оқ атты

Алматы қаласының полициясы атысқа қатысты күдіктінің ұсталғанын растады, әлеуметтік желілерде оқиға мегаполистегі бір мекемеде болғаны туралы видео тараған болатын.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның Алатау ауданы аумағында болғанын хабарлады. Ұсталған адамнан травматикалық қару тәркіленген.

«Алдын ала мәлімет бойынша, таныс екі ер адам арасында жанжал шыққан. Сол кезде олардың бірі екіншісінің аяғына оқ атқан. Қалған мән-жайлар анықталуда», — деді департамент өкілдері.

Сондай-ақ күдіктінің жасы 35-те екені, оның Жетісу облысының тумасы екені айтылды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалған.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.