arasha.kz

Алматыда ерлі-зайыпты зейнеткерлерді өлтіріп кетті

Алматыда ерлі-зайыпты зейнеткерлерді өлтірді деген күдікті ұсталды. Бұл туралы ПД баспасөз қызметі хабарлады.

«Түрксіб аудандық полиция бөлімі кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала мәлімет бойынша, 56 жастағы әйел жанжал салдарынан достарын өлтірген», – делінген хабарламада.

Басқа мән-жайлар анықталуда.

Exit mobile version