20-05-24 |
5230 рет қаралған
Алматыда кезекті құрылыс нысаны бұзылды.
Алматыда кезекті құрылыс нысаны бұзылды

Қалада заңсыз құрылысқа қарсы күрес жалғасып жатыр. Бұл жолы ауданы 1350 шаршы метрден асатын Шұғыла шағын ауданында салынып жатқан ғимарат бұзылды. Нысан тиісті құжатсыз салынған.

Меншік иесіне кемшіліктерді жою туралы ұйғарым берілгенімен, оны елемеді. 9 қазанда сот қала құрылысын бақылау басқармасының талабын қанағаттандырды.

Ғимаратты бүгін сот орындаушыларының қатысуымен бұзыла бастады. Бұл әкім Ерболат Досаевтың бастамасымен қаладағы құрылыс қызметіне бақылауды күшейту жөніндегі тапсырманың бір парасы.

Алматыда бизнес-орталықтар, мейрамханалар, қосалқы ғимараттар мен тұрғын үй кешендерін қосқанда, барлығы 33 заңсыз нысан бұзылды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.