Біз
әлеуметтік
желіде
22-06-25 |
220 рет қаралған
Алматыда көшедегі орындықта жыныстық қатынасқа түскен ер мен әйелді полиция әрең тоқтатты (Видео).
Алматыда көшедегі орындықта жыныстық қатынасқа түскен ер мен әйелді полиция әрең тоқтатты (Видео)

Алматыда мас ер мен әйел тапатал түсте Солтүстік айналма жол маңында орындықта жыныстық қатынасқа түскен.

Куәгерлердің айтуынша, олар қатты мас болған және айналасындағылардың ескертулеріне мүлде мән бермеген. Ашулы тұрғындар, бұл жағдайға еріксіз куә болғандықтан, дереу полиция шақырған. Біреу бұл оқиғаны видеоға түсіріп, желіге жариялап жіберген.

Ақырында, Алатау ауданындағы учаскелік полиция қызметкері ғана бұл азғындықты тоқтата алған.

— Құқық бұзушыларға қатысты екі әкімшілік құқық бұзушылық бойынша жауапкершілікке тарту шаралары қолданылды: қоғамдық жерде мас күйде жүру және ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық тәртіп пен адамгершілік нормаларын бұзу. Іс материалдары тиісті шешім шығару үшін сотқа жолданды, — деп хабарлады кейін Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, олар мұндай әрекеттердің қоғамдық орындарда, әсіресе тұрғын үйлер мен балалар жүретін демалыс аймақтарының маңында мүлде орынсыз екенін еске салды.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.