Біз
әлеуметтік
желіде
03-06-25 |
350 рет қаралған
Алматыда Lexus жанармай құю бекетіне соғылды.
Алматыда Lexus жанармай құю бекетіне соғылды

Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Lexus маркалы автокөлік жанармай құю бекетіндегі бензин құйғышқа соғылған.

«Алматы қаласының Алатау ауданында Lexus маркалы автокөліктің жүргізушісі Райымбек даңғылымен батыс бағытта келе жатып, қатар ауыстыру кезінде сол бағытта жүріп келе жатқан Mercedes көлігімен соқтығысқан. Соның салдарынан көлік жанармай құю бекетінің бензоколонкасына соғылған», – делінген сейсенбі күні таратылған хабарламада.

Жергілікті полиция қызметінің кезекші бөлімі хабарлағандай, жол-көлік оқиғасы бүгін таңғы сағат 3:40 шамасында орын алған.

Апат салдарынан Mercedes жүргізушісі мен оның жолаушысы жарақат алып, қалалық ауруханалардың біріне жеткізілген. Қазіргі уақытта бұл жол апатына қатысты тергеу жұмыстарын Алатау аудандық полиция басқармасы жүргізіп жатыр.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.