Оқиға Төле би көшесінде болды. Белгілі болғандай, екі ер адам көпқабатты үйдің ауласында тұрған мопедті ұрлап кеткен.
Ұрлық туралы хабар түскен соң оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберіліп, бірден аймақты шолуға кіріскен. Полицейлердің бірі күдіктілерді байқап, олардың артынан қуды. Сол сәтте біреуі мопедпен қашады. Алайда полицей оны ұстап үлгерді. Бірақ ұры тоқтамай, тәртіп сақшысын бірнеше метрге дейін сүйреп әкеткен.
Соңында мопедтің көлікпен соқтығысуы нәтижесінде күдікті қолға түсті. Жарақат алғанына қарамастан, полицей күдіктіге өз қолымен кісен салды.