06-12-24 |
2050 рет қаралған
Алматыда пакетке оралған әйелдің денесі табылды.
![Алматыда пакетке оралған әйелдің денесі табылды](https://arasha.kz/wp-content/uploads/2024/12/snimok-jekrana-2024-12-06-110138.jpg)
Әлеуметтік желіде Түрксіб ауданында адам денесі табылды деген ақпарат тараған видео пайда болды. Кадрларда полиция қоршауға алған аумақты көруге болады.
Әйелдің жасы шамамен 45-50-де болған. Полиция аталған жайт бойынша түсініктеме берді.
«Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Объективті мән-жайларды анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шараларының кешені жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды», – деп хабарлайды Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі.
Соңғы мақалалар.
-
05.02.2025
-
05.02.2025
-
05.02.2025
-
05.02.2025
-
05.02.2025
-
05.02.2025
-
05.02.2025
-
05.02.2025
-
05.02.2025
МІНБЕР.
ӨЗГЕ ДЕ МАҚАЛАЛАР.