arasha.kz

Алматыда пакетке оралған әйелдің денесі табылды

Әлеуметтік желіде Түрксіб ауданында адам денесі табылды деген ақпарат тараған видео пайда болды. Кадрларда полиция қоршауға алған аумақты көруге болады.

Әйелдің жасы шамамен 45-50-де болған. Полиция аталған жайт бойынша түсініктеме берді.

«Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Объективті мән-жайларды анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шараларының кешені жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды», – деп хабарлайды Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі.

https://arasha.kz/wp-content/uploads/2024/12/img_0859.mov
Exit mobile version