Біз
әлеуметтік
желіде
04-06-25 |
360 рет қаралған
Алматыда психиатриялық ауруханадан екі науқас қашып кетті.
Алматыда психиатриялық ауруханадан екі науқас қашып кетті

Еріктілер әлеуметтік желілерде қашқандардың белгілері көрсетілген іздеу хабарламаларын жариялап, қала тұрғындарынан екі ер адамды табуға көмектесуді сұрайды. Олар 31 наурыз күні Кекілбайұлы көшесінде (бұрынғы Қаблуков) орналасқан психикалық денсаулық орталығынан бірге қашып кеткен.

Қашқандардың бірі – Павел Павлович Лавров, 32 жаста. Ерекше белгілері: дене бітімі орташа, шашы қара, көзі қоңыр, білегінде тыртықтар бар. Бойы – 157 см. Қара футболка, шолақ шалбар және тәпішке киген.

Алматыда психиатриялық ауруханадан екі науқас қашып кетті

Екінші қашқан – 33 жастағы Денис Сергеевич Антипин. Бойы – 180 см. Дене бітімі орташа, шашы қоңырқай, сәл бурыл, көзі қоңыр, сол көзі маңында меңі бар. Үстінде ақ футболка, қара шолақ шалбар және ашық түсті тәпішке болған.

Іздеу хабарламаларында екеуінің де психикалық ауытқуы бар екені атап өтілген.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.