Біз
әлеуметтік
желіде
25-06-25 |
80 рет қаралған
Алматыда Сайран көліне жасөспірім батып кетті.
Алматыда Сайран көліне жасөспірім батып кетті

Құтқарушылар оның денесін су астынан шығарды. Бұл туралы Stan.kz хабарлады.

Оқиға туралы куәгерлер хабарлады.

“Сайран көлінің батыс жағалауында адамның денесі жатыр, көл аумағын полиция қоршауға алды”, – деп мәлімдеді куәгерлер.

18 жастағы жігіттің батып кеткені туралы полицияға хабарлама түскен. Оқиға орнына кезекші прокурор мен тергеу тобы барды.

«Суда екі кәмелетке толмаған баланың болғаны анықталды. Олардың бірі өздігінен жағаға шыққан, ал екіншісінің тағдыры әзірге белгісіз. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен құтқарушылар жұмыс істеуде. Іздеу жұмыстары жалғасып жатыр», – деп хабарлады полиция департаменті.

Артынша баланың денесі табылғаны белгілі болды.

Желіде тараған видеоларда куәгерлер құтқарушылардың баланы құтқарып қалуға мүмкіндігі болғанын алға тартты.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.