Қала әкімі Ерболат Досаев Алматы маңындағы мореналық көлдер мен мұздықтардың жай-күйін тікұшақпен бақылап шықты.
Барлығы 51 көл бар, оның алтауы ең қауіпті саналады. Қазір жағдай бақылауда: көп көлде су деңгейі қауіпсіз белгіде тұр.
Таудағы температура 5-6°C деңгейінде сақталады, бірақ шілдеде 22°C дейін көтеріледі деп болжанып отыр. Селдің алдын алу үшін көлдердің суы ағызылады, оған жергілікті бюджеттен 36,3 млн теңге бөлінген. Бұл қаражатқа өнімділігі жоғары сорғылар, сифон құбырлары, су ағызу арналарын тазартуға арналған жабдықтар сатып алынады.
Әкім тау өзеніндегі көшкінді, су тасқыны мен сел жағдайын бақылауды күшейтуді тапсырды.
«Қазселденқорғау» ММ мамандары 10 тұрақты және 3 маусымдық постарда бақылау жүргізеді, ал 20 маусымнан кейін қалған 10 маусымдық постта бақылау басталады.
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024