Алматыда супермаркеттің есепшісіне шабуыл жасаған күдікті ұсталды.
Полицейлер супермаркет есепшісіне шабуыл жасаған 39 жастағы ер адамды ұстады. Қылмыс таңертең Алматының Алмалы ауданында болды.
Тұрғын үйдің ауласында белгісіз біреу әйелді тапаншамен қорқытып, одан ақша талап еткен. Қаскөйдің олжасы 400 мың теңге болды.
– Қаскөй өзінің бетін шарфпен жапқан. Қылмыс жасағаннан кейін ол қашып кеткен, ал әйел полицияға өзіне шабуыл жасалғаны туралы хабарлаған. Тергеу-жедел тобы құрылып, жедел-іздестіру шаралары ұйымдастырылды. Түске таман 39 жастағы күдікті ұсталды. Арнайы іс-шара қала орталығында, Абылай хан даңғылының бойында жүргізілді. Қаскөйдің шабуылды жоспарлағаны және үлкен пайдаға үміттенгені белгілі болды. Шабуыл жасаған адам қамауға алынды. Газ тапаншасы тәркіленді, – деді Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының бірінші орынбасары Қуатбек Науатов.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024