Медеу ауданы, Бегалин көшесінде 70 жылдық емен ағашы жеке тұрғын үйдің шатырына құлаған.
Тұрғындардың айтуынша, ешкім зардап шекпеген. Ағашты кесуге 450 мың теңге қажет болған. Ондай ақша болмауы себепті кесе алмаған. Осылайша, дүйсенбі күні емен үйдің шатырына құлаған, деп жазды Baq.kz.
Аталған жағдайға Алматы қаласының экология және қоршаған орта басқармасы түсінік берді.
Алматы қаласының жасыл желекті күтіп-ұстау және қорғау қағидалары жеке тұрғын үйлердің аумақтары мен саяжайларда өсетін жасыл желектерге қолданылмайды.
Апатты ағаштарды кесу, алып тастау жеке қаражат есебінен жүзеге асырылады. Алайда оқиғаның мән-жайын ескере отырып, Медеу ауданының әкімдігі тұрғындарға көмек көрсетеді. Құлаған ағашты алып, тазалау жұмыстары жүріп жатыр.
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024