arasha.kz

Алматыда үш автобус пен жеңіл көліктің соқтығысуы бойынша тергеу басталды

Алматыда автобустардың қатысуымен болған ірі жол апатына қатысты тергеу басталды. Бұл туралы Алматы ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

«13 ақпанда сағат 9.00 шамасында Райымбек даңғылының бойымен шығыс бағытта келе жатқан 54-бағыттағы автобус жүргізушісі алдында келе жатқан 133-бағыттағы автобуспен, сондай-ақ Nexia көлігімен соқтығысқан. Осы кезде 133-ші автобус инерция салдарынан сол бағытта келе жатқан 88-ші автобуспен соқтығысқан. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді. Жол апатына ұшыраған үш автобус жеке тасымалдаушыларға тиесілі. Жол-көлік оқиғасының мән-жайын Медеу аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері анықтап жатыр», – делінген сейсенбі күні таратқан хабарламада.

Полицейлер оқиғаның басқа да мән-жайын анықтауда.

Exit mobile version