28-02-25 |
330 рет қаралған
Алматыда үш қабатты заңсыз ғимаратты бұзу басталды.
Алматыда үш қабатты заңсыз ғимаратты бұзу басталды

Медеу ауданында 3-ші көшедегі 12-учаскеде заңсыз салынған үш қабатты нысанды сүру жұмыстары басталды.

– Құрылысқа рұқсат беретін құжаттары жоқ

– Жоспардан тыс тексеріс кезінде заңбұзушылықтар анықталды

– Нысан иесіне бұзушылықтарды жою туралы ескерту берілді, бірақ ол орындалмады

– Сот ғимаратты сүру туралы шешім шығарды, апелляция көмектеспеді

Бүгін Әділет департаменті өкілдерінің қатысуымен нысанды бұзу жұмыстары басталды.

Бұл бірінші жағдай емес: 2023 жылдан бері Алматыда 67 заңсыз құрылыс сүрілді, оның ішінде «Мечта», KHAN және басқа да тұрғын үй кешендері бар.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.