Медеу ауданында 3-ші көшедегі 12-учаскеде заңсыз салынған үш қабатты нысанды сүру жұмыстары басталды.
— Құрылысқа рұқсат беретін құжаттары жоқ
— Жоспардан тыс тексеріс кезінде заңбұзушылықтар анықталды
— Нысан иесіне бұзушылықтарды жою туралы ескерту берілді, бірақ ол орындалмады
— Сот ғимаратты сүру туралы шешім шығарды, апелляция көмектеспеді
Бүгін Әділет департаменті өкілдерінің қатысуымен нысанды бұзу жұмыстары басталды.
Бұл бірінші жағдай емес: 2023 жылдан бері Алматыда 67 заңсыз құрылыс сүрілді, оның ішінде «Мечта», KHAN және басқа да тұрғын үй кешендері бар.