Алматының Наурызбай ауданындағы «Елисейские поля» коттедж қалашығында тереңдігі 4 метр болатын орға 2013 жылы туған бала құлап кетті.
Шақыру орнына келген ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары зембілдің көмегімен баланы алып шықты. Алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.