Оқиға қаладағы «Алтын Бұлақ-2» тұрғын үй кешенінде болған. Желіде куәгерлердің оқиға орнынан түсірген видеосы тарады.
Полиция департаменті бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Тергеуді Алмалы ауданының полицейлері жүргізеді.
Қазір оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталуда.