Әлеуметтік желілерде Әуезов аудандындағы көп қабатты үйлердің бірінен жас жігіттің секіріп, қаза болғаны жайлы ақпарат тарады.
Алматы қалалық полиция департаменті аталған жайтты растады.
– Осы дерек бойынша Әуезов аудандық ПБ қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр, – деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.