ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті бес сынақ зертханасына жоспардан тыс тексеру жүргізгенін мәлімдеді.
Тексеру барысында зертханалар берген Көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәліктерінде (КҚКҚК) Кеден одағының «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің (КО ТР 018/2011) талаптарының бұзылғаны анықталған.
«КО ТР 018/2011 сәйкес аккредиттелген сынақ зертханалары көлік құралын тексеруді, соның ішінде нөмір бойынша сәйкестендіруді, құрылымдық техникалық сараптаманы, сондай-ақ қажетті сынақтар мен өлшемдерді жүргізуге міндетті. Осы рәсімдердің нәтижелері бойынша хаттама және КҚКҚК жасалады. Алайда, тексерулер көрсеткендей, аталған сынақ зертханалары КҚКҚК берер алдында көлік құралдарына сынақтар жүргізбеген. Бұл Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» және «Техникалық реттеу туралы» заңдарының бұзылуы болып табылады», – делінген хабарламада.
Анықталған заң бұзушылықтарға байланысты департамент заң бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар беріп, заңсыз берілген КҚКҚК-ді жойды. Сынақ зертханаларына жалпы сомасы 11 690 718 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынып, аккредитация куәліктері алты ай мерзімге тоқтатылды.
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
24.12.2024
-
23.12.2024