Өрт сөндірушілер жалынға орынған орталықты екі сағатта әрең сөндірді. Ғимараттан тек 15 көлікті алып шығу мүмкін болған, деп хабарлайды Arasha.kz.
2 ақпан күні түнде Алматының Бостандық ауданы Сәтбаев көшесінде көлікке қызмет көрсету орталығынан өрт шықты. Өрт сөндіру қызметіне хабар сағат 21.52-де түскен.
Алдын ала болжамға сәйкес, 20-ға жуық көлік өртеніп кеткен. Ыстық температура әсерінен тағы төрт машина зақымданды. 15 көлікті ғимараттан алып шығу мүмкін болды.
Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, өрт 23:09-де ауыздықталып, 23:47-де сөндірілді.
Қызыл жалын 600 шаршы метр аумақты шарпыған. Ғимараттың жалпы аумағы – 1 300 шаршы метр. Оған жету үшін эвакуатор көмегіне жүгінуге тура келді.
Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Оқиғаның себебі анықталып жатыр.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024