ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ басшысы Арман Ахметов Ақсай өзенінен төнетін қауіп жайлы айтты.
Оның айтуынша, Ақсай өзені – Алматыдағы сел қаупі бар өзендердің біріне жатады. Ақсай өзенінің жоғарғы ағысында 25 мұздық және 20 морено-мұздық көлдер орналасқан.
Ақсай селді ұстау бөгетінің құрылысы маңызды болып саналады және оның мақсаты сел аймағында орналасқан халықтың өмірін пен шаруашылық нысандарын қорғау болып табылады.
«Қазіргі уақытта мердігер өз міндеттемелерін орындамағандықтан нысанның құрылысы тоқтатылып, тиісті келісімшарт бұзылған. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Ч.С.Ариновтың бастамасымен, Қазақстан Республикасының АФМ-не процессуалдық шешім қабылдау үшін тиісті материалдарды тапсырдық. Сел қаупі аймағында 30 мыңнан астам адам бар», – деді ол.
Бөгеттің аяқталмаған құрылысы Ақсай өзенінің бойымен өтетін сел жағдайында сел қоймасында оның жиналу қаупін тудырады, бұл жағдайда ол аяқталмаған бөгеттің жарылуына және топырақтың шайылуына, қайталама селдің пайда болуына әкеледі.
Қазіргі уақытта мореналық көлдер қысқы режимде, көлдің жарылу қаупі жоқ.
-
28.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024