arasha.kz

Алматыдағы жер сілкінісінен 44 адам зардап шекті

Алматыда жер сілкінісінен зардап шеккендердің саны – 44 адамға жетті. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.

«Бүгін, түннен таңға дейін Алматыда бас жарақаты, аяқ-қолдың созылуы сияқты жеңіл және орташа ауырлықтағы түрлі жарақаттары бар 44 адам медициналық көмекке жүгінді.

Әр түрлі көрсеткіштермен олар қаланың стационарларына жеткізілді, оның ішінде 34 ересек адам бар. 3 науқас ауруханаға жатқызылды, 31 адам амбулаториялық емделуге жіберілді», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ 10 бала медициналық көмек алды, оның 5-і ауруханаға жатқызылды, 5-і амбулаториялық емге жіберілді.

Exit mobile version