arasha.kz

Алматыдан 280 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелді

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 2 сәуір күні Алматы уақытымен 13 сағат 36 минут 23 секундта жерасты дүмпуін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 280 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9.7, магнитудасы – 4.2.

Жерасты дүмпуі 15 километр тереңдікте болған.

МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ.

Exit mobile version