Қазақстан ТЖМ Сейсмология институты Қырғызстан аумағында, Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 109 шақырым жерде, жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісі Астана уақыты бойынша кеше 17:30-да болған.
Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентріндегі күштілігі бес баллды құраған. Қазақстан шекарасына жақын болғанына қарамастан, Алматы мен елдің басқа өңірлерінде бұл жер сілкінісі сезілмеді.