Алматы қаласының Алатау ауданында ер адам сот орындаушылар мен полицейлерге оқ жаудырды. Оқиғадан 5 адам қаза тапты.
Сот орындаушылары отбасын үйден шығаруға келгенде үй иесі оқ жаудырған.
Ресми мәліметке сәйкес, бүгін сағат 17:00-де «Ақбұлақ» шағын ауданында 54 жастағы тұрғын бес адамды атып тастады. Олар сот үкімін орындауға келген. Оған сәйкес, үйдің иесі баспананы босатуы тиіс. Бірақ 1967 жылы туған ер адам қарсылық көрсетіп, екі полицей, бір сот орындаушы және оның екі көмекшісіне оқ атқан.
“Бес адам, оның ішінде қызметтік міндеттерін атқарып жүрген екі полиция қызметкері оқтан жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды. Біз қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтамыз», – делінген ресми хабарламада.
Күдікті ұсталған. Қазіргі кезде жағдай бақылауға алынды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу шаралары басталды.
Қаза тапқан полиция қызметкерлері:
- Алатау аудандық полиция департаменті учаскелік инспекторы, полиция майоры Дархан Дауылбайұлы Сүлеев, 1982 жылы туған азамат.
- Алатау аудандық полиция департаменті учаскелік инспекторы, полиция капитаны Нұрбол Назарбайұлы Байғазиев, 1988 жылы туған азамат.
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024