02-05-24 |
5410 рет қаралған
Алтай ауданында бірнеше үйдің ауласын су басты.
Алтай ауданында бірнеше үйдің ауласын су басты

Бүгін жауын-шашынның мол түсуінен Алтай ауданы Зубовск кентіндегі Бұқтырма өзенінің деңгейі көтеріліп, 5 тұрғын үйге және 24 үйдің ауласына су кіру қаупі төнген.

Өзен жағалауы алдын ала нығайтылып, су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілді. Тұрғындар эвакуациядан өз еріктерімен бас тартқан, қазір олар туыстарына уақытша орналастырылды. Ауыл мектебінде оқу қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылды.

ШҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов пен ШҚО ТЖД бастығы Ерғали Бахаев ауданға келіп, жағдайды өз бақылауына алды. Әуе қозғалысы арқылы аудандағы өзен деңгейін бақылау жұмыстары жүруде.

Сондай-ақ, бүгін Катонқарағай ауданы Коробиха ауылында да өзен деңгейі көтерілді. Су тұрғын үйлер мен үй маңындағы аумақтарға енбей, көшелер бойындағы транзитпен өтті. Сағат 10: 00-де өзен суының деңгейі төмендеді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.