07-03-24 |
6330 рет қаралған
 Алты жыл бұрын жоғалып кеткен ер адам табылды.
 Алты жыл бұрын жоғалып кеткен ер адам табылды

Ақмола облысында полицейлер алты жыл бұрын жоғалып кеткен ер адамды тапқандарын мәлімдеді.

Жоғалған 40 жастағы Астана тұрғыны Қорғалжың ауданы Шалқар ауылында болған.

2018 жылы жазда оның әпкесі Астана полициясына жүгінген. Ол ағасының үйден шығып кеткенін және оралмағанын айтқан. Ер адамды астаналық қана емес, облыстағы полицейлер де іздестірді.

«Оған мемлекетаралық іздеу де жарияланды», – делінген ІІМ хабарламасында.

Ер адам жеке үйлердің бірінен табылған. Қазір оның ұзақ уақыт бойы неліктен хабарсыз кеткені анықталып жатыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.