2006 жылы 11 ақпанда саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлын ұстау кезінде ешқандай күш қолданбадық. Бұл туралы ҰҚК-ге қарасты «Арыстан» арнайы жасағының командирі Еділ Әбікенов Азаттыққа берген сұхбатында айтты.
Еділ Әбікенов осы оқиғадан кейін 5 әріптесімен бірге сотталған, өзі түрмеде 12 жыл отырып шықты.
«Алтынбек Сәрсенбайұлы келе жатқан көлікті тоқтаттық, өзі шықты. Оның барлығы нұсқаулық бойынша орындалды. Біз ешқандай күш қолданбадық. Оны кездесуге алып бардық. Одан ары не болғанын бәрі біледі. Біз «темная лошадка» болдық қой. Таза поставаға түстік. Біз тоқтатқанда Алтынбек «біздің кездесуіміз келесі күні болу керек еді ғой» деп айтқаны есімде. Ол кіммен кездескелі жүргенін мен білмедім. Оның кіммен кездескенін кейін білдік. Біз оны қолдан қолға бердік, тіптен оны өлтіретінін де білмедік. Егер олай болатынын білгенде сол жерде аяғына дейін қалар едім. Бізді қайтарып жіберді. Егер біз қайтпағанда ондай жағдай болмас еді», – деді Әбікенов.
Сондай-ақ ол Алтынбек Сәрсебайұлының ісіне қатысты айтылмаған дүниелер әлі де көп екенін және жақын уақытта ол ашық жария болмайтынын жеткізді.
«Мен өз кінәмді мойындаймын. Командир ретінде бұл жайттың осындай трагедияға алып келуіне жол бердім. Мен құжатты тексермедім, бұйрықтың растығын түсінбедім. Біз «пешкамыз» ғой, қандай үкім шығаратынын жоғарыдағылар шешті. Біз бастысы атып тастамаса деп уайымдадық. Шынымды айтсам Алтынбек Сәрсенбайұлының жоғары шенді адам екенін білген жоқпын. Оны сот барысында таныдым. «Арыстанның» жігіттері өзіміздің командирлерімізді танимыз, саясаткерлерді танымайтынбыз. Кімнің-кім екенін білмедік. Үш адамның өлімі оңай емес, өзім лайықты жазамды алдым. Оның үш адамды дәті барып қалай атқаны миыма сыймайды. Арнайы жасақта істеген бізде ондай болмады, қолын байлап, атып тастау деген айуандық қой», – деді ол.
Сондай-ақ ол саясаткерді ұстау жөнінде бұйрықты бұрынғы полиция қызметкері Рустам Ибрагимов бергенін айтты.
«Ол бәрі жоғары жақта шешіліп қойды. Тек бір коммерсантты ұстап әкелсеңдер болды», деп айтты. Ибрагимовпен тойда танысқанмын. Оның жоғары жақта байланысы күшті болды, -дейді Әбікенов.
Еділ Әбікенов Сәрсенбайұлын жеткізуде соның көлігінде отырып барғанын айтты. Жолда саясаткер су алып беруін өтінген. Достық-Каленина қиылыныда (Қабанбайда) дүңгіршекке тоқтап, сол жерде далаға шығып су ішкендерін жеткізді.
«Біз айтқан жерге келгенде екі джип көлігі тұрды. Олар бізге базаға қайта беріңдер деді. Кейін білдік ол Мирошников болыпты. Біз саясаткердің және көмекшілерінің телефонын алып, бардашекке салып қойғанбыз. Кейін бізді адам ұрлады, тонады деп басты кінәлі етіп шығарды», – дейді ол.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024