Естеріңізге сала кетейік, кеше » AMANAT » партиясы жетекшілерінің бірі сексуалдық зорлық жасады деген күдікке ілінгені туралы ақпарат тараған болатын.
Бүгін жеті жасар балаға жасалған зорлық-зомбылықты сараптама растайтынын, айыпталушының есімі Серікқан Жақыпов екені айтылды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
AMANAT облыстық филиалы Жақыповтың енді партияда жұмыс істемейтінін мәлімдеді:
«Партия Жетісу облысы Ақсу аудандық филиалының бұрынғы басшысына қатысты осы жылдың 1 тамызында өз еркімен жұмыстан кеткенін хабарлаймыз», – делінген хабарламада.
2024 жылдың 31 наурызында Жақыпов Ақсу аудандық мәслихатының депутаты болып сайланды. Депутат Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылында тұрады.