16-03-25 |
310 рет қаралған
«Америка дауысы» радиостанциясы хабар таратуды тоқтатты.
«Америка дауысы» радиостанциясы хабар таратуды тоқтатты

83 жыл ішінде алғаш рет радиостанция өз жұмысын тоқтатты. Бұл туралы редакция директоры Майкл Абрамовиц LinkedIn әлеуметтік желісінде мәлімдеді.

«83 жыл ішінде алғаш рет аңызға айналған «Америка дауысының» үнсіз қалғанына қатты қапаландым. Бүгін таңертең мен бүкіл ұжым – 1,3 мыңнан астам журналист, продюсер және көмекші қызметкерлердің әкімшілік демалысқа жіберілгенін білдім. Мен де соның қатарындамын», – деп жазды Абрамовиц.

«Америка дауысы», сондай-ақ «Азаттық радиосы» және «Азиядағы Азат Радио» медиа ұйымдарын қаржыландыруды осы ұйымдардың басты агенттігі – АҚШ-тың жаһандық медиа агенттігі (USAGM) тоқтатты. Бұл шешім Дональд Трамптың бұйрығымен қабылданған.

Бұған дейін АҚШ президенті бюрократиямен күресу үшін бірнеше ведомствоның функцияларын барынша қысқарту туралы жарлыққа қол қойған. Құжат 14 наурызда Ақ үйдің сайтында жарияланды. Бұл тізімде АҚШ-тың жаһандық медиа агенттігі (USAGM) де бар. Трамп USAGM-нің редакциялық шешімдерін өзінің алғашқы президенттік мерзімінде де сынға алған.

Медиа ұйымдарын жабуды бұған дейін кәсіпкер әрі Мемлекеттік тиімділік департаментінің кураторы Илон Маск ұсынған. Ол бұл ұсынысын USAGM-ді «өздерімен өздері сөйлесетін, жылына америкалық салық төлеушілердің миллиард долларын құртып отырған радикалды солшылдармен» салыстырып түсіндірген.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.