08-02-21 |
1710 рет қаралған
Анасы жаңа туған нәрестені пакетке орап, дәретханаға лақтырды.
Анасы жаңа туған нәрестені пакетке орап, дәретханаға лақтырды

Батыс Қазақстан облысында 19 жастағы студент қызға сот үкімі шықты. Ол сәбиін үйдің дәлізінде босанып, шақалақты көрші үйдің дәретханасына тастаған.

БҚО- да жантүршігерлік жағдайға қатысты сот үкімі шықты. Жас қыз досынан жүкті болып қалған. Ол сотта ата-анасынан қорыққандықтан нәрестені өлтіргенін мойындады.

Студент қызға қатысты сот үкімі Казталов аудандық №2 сотында оқылды. Істі судья Айвар Бижанов қарады.

Іс материалдарында жоғары педагогикалық колледждің екінші курс студенті өзінің досынан жүкті болғанын 2020 жылдың күзінде білген. Ол туралы ешкімге айтпаған.

Сотталушының толғағы 23 қараша күні түс ауа басталған. Студент сотқа берген жауабында толғақ басталған кезде анасының үйде болмағанын айтты. Айтуынша, баласын тұрғын үйдің дәлізіне шығып босанады. Қатты қорыққан. Баланың кіндігін қайшымен кесіп, целлофан пакетіне орап, жер үйдің сарайында орналасқан көше дәретханасына лақтырады. Кейін дәліздегі қанды сүртіп, бөлмесіне барып жатып қалған. Үйге оралған анасы қызының ауырып жатқанын көріп, медициналық орталыққа апарған. Жантүршігерлік оқиға сол жерде анықталды.

Белгілі болғандай нәресте шетінеп кеткен. Сот сараптамасы шақалақ өліміне механикалық асфиксия себеп болғанын айтты. Бала шамамен 8-8,5 айлығында дүниеге келген .

Сотталушы қыз кінәсін толық мойындады. Сот үкімімен екі жылға бас бостандығынан шектеу жазасы берілді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.